Ағымдағы жылдың 14 қазан күні, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастауымен Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайдың, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Нысаналиев Мирас Нұрланұлының, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Көшеке Ерғали Ахилбекұлының қатысуымен «Таза әлем» акциясы аясында ағаш отырғызу және сенбілік шарасы өтті.
Аталған шараға бірқатар еріктілер де қатысып, Наурызбай ауданындағы «Ақсай» Республикалық балалар клиникалық ауруханасының, Д. Қонаев атындағы саябақтың және «Нұр» мешітінің аулаларын тазалап, жалпы саны 70 түп шырша ағашы отырғызылды.