Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматы Орталық мешіті қалалық балалар клиникалық инфекциондық ауруханасының филиалына жасанды тыныс алу құрылғыларын табыс етті

Ағымдағы жылғы 28 қазан күні Алматы Орталық мешіті жақында ғана ашылуы өткен Қалалық балалар клиникалық инфекциондық ауруханасының филиалына 14 кислородты концентраторларды табыстады.  

Шара барысында Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай бірқатар жанашыр азаматтардың атынан жасанды тыныс алу құрылғыларын табыстай отырып, елдегі қиын кезеңде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықтың денсаулығына алаңдайтынын және ақ халатты абзал жандардың қиын жұмысына қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендігін жеткізді.

Аталған қайырымдылық шарасына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов және Алматы балалар клиникалық инфекциондық ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин қатысты.

Өз кезегінде, Ержан Бабақұмаров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оның ішінде Алматы қалалық филиалының еліміздегі ауыр кезеңде әрдайым игі істердің ұйытқысы болып отыратынын атап өтіп, бүгінгі ерекше көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

28.10.2020

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер