Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Алматы қаласы Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы мүшелерінің қатысуымен сенбілік өтті. Экологиялық акция барысында әр түрлі діни бірлестіктердің өкілдері біріге отырып, Алатау ауданы «Ақбұлақ» ықшам ауданындағы саябақтардың бірін көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
Аталған шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов, Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков және сенбілікті ұйымдастырушы «Social Development Center» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Қаланың қоғамдық өміріне әрдайым белсене араласатын Клуб мүшелерінің бұндай шараларға қатысуы бірінші рет емес екендігін атап өткен жөн. Жыл сайын діни бірлестік көшбасшылары қаланың әлеуметтік, мәдени және экологиялық дамуына өз үлестерін қосуда. Өзінің үш жылдық қызметінде Клуб әр түрлі діни бірлестіктер өкілдерінің емін-еркін бас қосатын алаңына айналды. Өз кезегінде, ағаштарды бірігіп отырғызу акциясы Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен толеранттылықтың ерекше деңгейде екендігінің айқын дәлелі болып табылатынын атап өткен жөн.
Шара соңында Нұрлан Қиқымов Клуб мүшелерін экологиялық акцияның өтуіне қатысып үлестерін тигізгендері үшін алғысын білдіріп, ағаш отырғызу секілді бірлесе отырып жасалынатын еңбек бәріміздің ортақ үйіміз Қазақстандағы қолайлы діни ахуалдың дамуына оң ықпалын тигізетініне сенім білдірді.