Ағымдағы жылдың 2 қараша күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығымен» «Береке» мәдени-білім беру қоғамдық қорына қарасты жатақхана тұрғындарымен кездесу және Алматы құрылыс және менеджмент колледжінің студенттерімен «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн дәріс ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараларда Тұрсынғали Әліп және Жанна Қаңтарбаева секілді қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, дінтанушы-сарапшы мамандар дәріс оқыды.
Кездесулер барысында мамандар тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, түрлі конфессия өкілдері арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.