Ағымдағы жылғы 5 қарашада «Kazzhol Park Almaty» қонақ үйінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен «Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша журналистер арасындағы үздік материалдар байқауы» өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарды марапаттау бойынша салтанатты шара өтті.
Байқауға Алматы қаласында жұмыс жасайтын жергілікті және республикалық БАҚ журналистері, сарапшы ғалымдар, тәуелсіз публицистер мен блогерлер қатысып, орыс және қазақ тілдерінде барлығы 200-ден астам жұмыс келіп түсті. Ұсынылған жұмыстар діни заңнама нормаларын түсіндіру, конфессияаралық келісім мен толеранттылық, деструктивті ағымдардың әсер ету қаупі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес сияқты өзекті мәселелерді қамтыды. Білікті сарапшылардан құралған қазылар алқасы барлық өтінімдерді қарап, келесі мәлімделген номинациялар бойынша жеті жеңімпазды іріктеп алды:
Сондай-ақ, шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева қатысып, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Өз кезегінде, байқауды ұйымдастырушылар халықтың діни сауаттылығын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға және оған қарсы күреске қосқан қомақты үлесі болып табылатын БАҚ өкілдері мен блогерлердің ағартушылық жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.
Үздік материалдардың авторларына құрмет дипломдары мен спорттық велосипедтер сыйға берілді. Сондай-ақ, байқауда он ынталандыру сыйлығы қарастырылып, өзге де қатысушыларға табысталды.