Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Алматы қаласындағы діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шiлдедегi № 3/470 қаулысы;
2) «Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Алматы қаласындағы діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 24 шiлдедегi № 3/470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 2/216 қаулысы.
- «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
12.11.2020