Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

«Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысын қабылдау қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 272-VІ ҚРЗ Заңының заңды күшіне енуімен байланысты болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V  Заңына енгізілген өзгерістерг сәйкес, заңда қолданылған «мемлекеттік қызметтердің регламенті» негізгі түсінігі алынып тасталды. 

Осыған орай, өзгеріс нәтижесінде пайда болған қақтығыстарды жою үшін «Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы қарауға ұсынылады.

12.11.2020

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер