Ағымдағы жылдың 18 қараша күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Social Development Center» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен конфессияаралық және қоғамдық келісімді нығайту мақсатында Алматы қаласы діни бірлестіктер көшбасшылары Клубы мүшелері арасында үстел теннисінен турнир өткізілді.
Спорттық шараға әр-түрлі кофессиялардың 32 өкілі және Алматы қаласы «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» мамандары қатысып, өз бақтарын сынады.
Тартысты турнирдің нәтижесінде Алматы қаласындағы елуіншілер шіркеуінің өкілі бас жүлдені жеңіп алса, Кришна санасы қоғамы мен Қазақстан Мұсылмандар діни бірлестігі өкілдері қалған жүлделі орындарды иеленді.
Шара соңында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке мен «Social Development Center» қоғамдық қорының атқарушы директоры Біржан Қазтұрғанов жеңімпаздары құттықтап, спорттық велосипед, фитнес білезік, кемпингке арналған шатыр секілді бірқатар бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Өз кезегінде, аталған шара Алматы қаласында әр түрлі діни бірлестіктердің өкілдері арасындағы бәсекелестіктің тек спорттық сипатта ғана болуы мүмкін екендігіне дәлел болғанын атап өту керек.