Ағымдағы жылдың 24 қараша күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Social Development Center» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Конфессияаралық диалог. Конфессиялардың қоғам игілігі үшін өзара әрекеттесуі» тақырыбында Алматы қаласының діни бірлестіктер көшбасшылары Клубы мүшелерінің кезекті жиналысы өтті.
Бұл жолы діни бірлестіктердің көшбасшылары 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының аумағында орналасқан Свято-Вознесенский кафедралды соборын тамашалап қайтты.
Аталған шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов, «Social Development Center» қоғамдық қорының атқарушы директоры Біржан Қазтұрғанов және бірқатар діни конфессиялардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, кездесу аясында Клуб мүшелеріне арналған Свято-Вознесенский кафедралды соборына экскурсия жасалынды.
Өз кезегінде, аталған іс-шара конфессияаралық және қоғамдық келісімді, сондай-ақ қаланың діни бірлестіктері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталғанын атап өту керек.