Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес сананы қалыптастыру мақсатында «Social Development Center» қоғамдық қоры Алматы қаласы прокуратурасының қолдауымен «Дін мен дәстүр» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі, тарихи және мәдени құндылықтарын насихаттау және дәстүрлі руханият негіздерінің деструктивті ағымдар идеяларымен өзара үйлеспейтіндігін түсіндіру.
Бүгінгі таңда жоба аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
- ЖОО мен колледж студенттеріне арналған 20 онлайн дәріс.
- Дін өкілдерінің әлеуметтік парақшаларында 15 тікелей эфир.
Дәрістер мен тікелей эфирлерді дін саласындағы білікті мамандар жүргізді.
Сонымен қатар, жаңалықтар порталдарының парақшаларында екі эфир өткізу жоспарлануда:
Жоба аясында Алматы қаласы діни жастарының 50 000-нан астам өкілін қамту жоспарланып отыр.
Қазақ халқының мәдениет дәстүрін насихаттаумен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілері түсіндіріледі.
Анықтама үшін байланыс телефондары: