Ағымдағы жылдың 26 қараша күні діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта қорытынды дөңгелек үстел өткізілді.
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке аталған шараға төрағалық ете отырып, атқарған жұмыстары үшін ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне алғыс білдірді және халық арасында бұл бағытта идеологиялық жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, іс-шара барысында дін саласындағы білікті мамандардан құралған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуларымен өткен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жылдық жұмыс қорытындыланды.
Биылғы жылы пандемияның таралуы мен елдегі енгізілген шектеулерге байланысты барлық шаралар Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «инстаграм» әлеуметтік желісіндегі «din_almaty» ресми парақшасы арқылы онлайн форматта өткізілді. Атап айтқанда, жыл басынан бері дін саласындағы білікті мамандардың қатысуларымен әр түрлі тақырыптарда «тікелей эфир» мүмкіндігі арқылы 50-ден астам шаралар ұйымдастырылды. Онлайн дәрістер барысында мамандар дін саласындағы бірқатар өзекті тақырыптарды көтеріп, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.
Сонымен қатар, қорытынды кездесу барысында өз кәсібилігімен ерекше көзге түскен ақпараттық-түсіндіру тобының бірқатар мүшелері ең үздік деп танылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қазіргі уақытта, онлйн форматта өткен барлық дәрістердің жазбасы Басқарманың ресми парақшасынан табуға болатынын атап өткен жөн.