Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласының діни көшбасшылар клубы мүшелерінің қатысуымен қорытынды жиналыс өтті

Ағымдағы жылдың 3 ші желтоқсанында Алматы қаласының ведалық мәдениет мекені "Говиндас" мейрамханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласының діни көшбасшылар клубы мүшелерінің қатысуымен қорытынды жиналыс өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке, "SDC" ҚҚ корпоративтік мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бейбіт Тұрабаев және түрлі діни конфессиялардың 15-тен астам басшылары қатысты.
Іс-шара барысында клубтың 2020 жылғы қызметінің нәтижелері қаралып, діни бірлестіктер басшыларының жұмысты одан әрі ұйымдастыру жөніндегі ескертулері мен ұсыныстары тыңдалды.
04.12.2020

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер