Байқаудың мақсаты:
- Қазақстан Республикасының қоғам назарын дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне аудару.
- Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни журналистер арқылы тұрғындарды мемлекеттік саясаттың дін саласындағы әр түрлі бағыттары, қоғамдағы конфессияаралық келісімнің нығайтылуы және сақталуына бағытталған маңызды іс-шаралар жөнінде хабардар ету.
- Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдарды жариялайтын БАҚ мен журналистерді қолдау.
Байқау номинациялары:
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- Ең үздік телевизия жанры;
- Мерзімді баспасөздегі қазақ тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала;
- Мерзімді баспасөздегі орыс тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала;
- Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;
- Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;
- Интернет желісіндегі ең үздік бейнеролик;
- Ең белсенді блогер;
- Интернет-ресурстағы деструктивті және радикалды діни ұйымдар идеологиясын дискредитациялауға бағытталған қазақ және орыс тілдеріндегі үздік мақала.
Байқау шарттары:
Байқауға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, Алматыда жұмыс істейтін республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері, сондай-ақ Алматыда тіркелген сарапшы ғалымдар мен тәуелсіз публицистер қатыса алады
Байқауға қатысу үшін берілген тақырыпқа сәйкес келетін ерекше авторлық жұмыстар қабылданады.
Байқауға кез-келген діни ағымдар мен көзқарастарды насихаттайтын, дінаралық, этносаралық араздықты қоздыратын, діни экстремизм идеяларын және сот шешімі бойынша экстремистік деп танылған, Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың идеяларын насихаттайтын жұмыстар қабылданбайды.
Бір автордан немесе авторлар ұжымынан берілетін жұмыстардың саны шектелмеген.
Бір автор бірнеше номинация бойынша қатыса алады.
Жазбалар екі тілде қабылданады: қазақ және орыс.
Байқауға БАҚ-та 2021 жылдың 01 қаңтар мен 1 қазан аралығында жарияланған материалдар қабылданады.
Өтініш беру үшін қатысушылар www.baiqau2021.kz жоба сайтында көрсетілген тиісті сауалнаманы толтырып байқау жұмыстарын жіберуі керек.
Байқау кезеңдері:
Қатысушылардан материалдарды қабылдау (1 қазанға дейін);
Материялдарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау (2-14 қазан);
Байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау (15-30 қазан аралығында).
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау:
Байқаудың ұйымдастыру комитеті өткізген жеңімпаздарды 5 адамнан тұратын қазылар алқасы таңдайды. Салтанатты марапаттау шарасы өткізілгенге дейін қазылар алқасы жарияланбайды. Әр номинация бойынша жеңімпаздар кем дегенде 150 мың теңге көлеміндегі бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, 8 ынталандыру сыйлығы бар.
Ұйымдастырушылардың байланыс нөмірі:
+77022319393 Біржан
+77017559797 Бейбіт