Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматыдағы студенттерге арналған онлайн-дәріс

 "Social Development Center" Қоғамдық Қоры Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде 

- 2021 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан-Ресей медициналық университетінің 1-3 курс студенттеріне "Қазақстандық қоғам үшін зайырлы ұстанымның маңыздылығы" тақырыбында дәріс ұйымдастырды. Дәріскер ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Кантарбаева Жанна Орынбасарқызы болды.

- 2021 жылдың 16 сәуірінде Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің студенттеріне "Зайырлы мемлекеттің құндылықтары"тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Дәріскер ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы болды.

- Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ студенттеріне «Қазақстан Республикасындағы зайырлылық принциптері» атты онлайн дәріс өткізілді. Дәрісті Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы - Ғылым Комитеті  Философия, саясаттану және дінтану институты ғылыми қызметкері. Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы өткізді. 

Іс шара барысында зайырлы мемлекет түсінігі және зайырлы мемлекеттегі діннің орны жайында сөз қозғалды. Тақырып аясында барлығы 241 студент қамтылды.

16.04.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер