Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының ғылыми-зерттеу орталығында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Ибрагимов Дулат Ерсайынұлының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренинг жұмысы барысында білім беру мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ қалалар мен облыстардың полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.