Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қиқымов Нұрлан Медсантұлының Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының төрағасы Сәрсенбаев Болат Серғазұлымен және аталған мекеменің өзгеде өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстандағы конфессияаралық келісім, қоғамдағы діни ұйымдардың рөлі, сондай-ақ елдегі және шетелдердегі оқу орындарында діни білім алу мәселелері талқыланды.
Іс-шара нәтижесі бойынша алдағы уақыттағы мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асырудағы басымдық берілетін негізгі бағыттары айқындалды.