Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматыда терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс Алматы қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысымен жүзеге асырылуда.

Алматыда терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс Алматы қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысымен жүзеге асырылуда.
2021 жылы 12 мамырда келесі ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды:
1. Алмалы ауданындағы «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығының жалдаушылары мен қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу туралы дәріс оқылды.
«Мемлекеттің зайырлы құрылымының мәні мен маңызы» тақырыбындағы дәрісімен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұттық университетінің аға оқытушысы, дінтану магистрі, PhD докторант Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы сөз сөледі.
2. Наурызбай ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығының көп балалы аналары үшін «Ұлттық және діни дәстүрлердің үйлесімі» тақырыбында Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастары және әлемдік тілдер университетінің (ҚазХҚжӘТУ) оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Джекебаева Мақпал Әбілқызы онлайн-дәрісін өткізді.
Тыңдаушыларға ұлттық және діни дәстүрлердің қызметтік маңызы, мемлекеттің зайырлы құрылымының құндылықтары, деструктивті діни ағымдардың белгілері туралы айтылды.
17.05.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер