2021 жылы 18 мамырда Алматы қалалысы Дін істері жөніндегі басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» тапсырысы бойынша Медеу ауданындағы Түркістан сауда үйінің қызметкерлері мен жалдаушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу туралы дәріс өткізілді.
Дәріскер гуманитарлық ғылымдардың магистрі, дінтанушы Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы болды.
Тыңдаушыларға мемлекеттің зайырлы құрылымының құндылықтары, деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, экстремистік ұйымдарға тарту тәсілдері туралы айтып өтті.
Кездесу соңында сарапшы дін мәселелері бойынша «қауырт желі» телефон нөмірлерін таратты. Кездесуге қатысушылардың барлығына деструктивті діни ағымдардың белгілері туралы қысқаша ақпарат жазылған брошюралар таратылды.
19.05.2021