Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының» мүшелері «Mobile X» сервитстік компаниясының қызметкерлері және жалға алушылармен к

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының» мүшелері «Mobile X» сервитстік компаниясының қызметкерлері және жалға алушылармен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты — экстремизм мен терроризмнің және теріс діни ағымдар ықпалының алдын алу.
Экстремизм мен терроризм мәселесі немқұрайды қарайтын жайт емес. Бұл мәселені жіті де қырағы бақылаған абзал. Әлемді айтпағанда елімізде бірнеше рет адам шығынына әкелген қанды оқиғалар болды. Жалған діннің жетегіне еріп, Сирия, Ирак секілді елдерге адасып барған жерлестеріміздің ақпаратынан көпшілік хабардар. Әлі де жайбарақат болуға болмайды. Өйткені экстремизим мен терроризмнің тамыры тереңде жатыр.
Осыны жан-жақты зерттеп, түрлі жағдайлардың болу ықтималдығын ескере келе, мемлекет тарапынан қауіптің алдын алу шаралары, сақтандыру, түсіндіру, кеңес беру жұмыстары толассыз жүріп жатыр. Нәтиже де жоқ емес.
Ресми ақпараттарға сүйенер болсақ, кейінгі үш жылда діни ағымдардың ықпалымен, экстремизм мен терроризм қаупін төндіруге байланысты шет ел асып, шекара басып, басқа елдерге өтіп жатқан адасқандар мен арандалғандар тіркелмеген екен. Бірақ бұл теріс діни ағымдардың, деструктивті топтардың қаупі сейілді деген сөз емес. Керісінше, пиғылы жаман діни ағымдар әлемді дүрліктірген пандемияны пайдаланып, өз әрекеттерін жүзеге асырып жатқандығын арнайы мамандар айтып отыр. Бүгінгідей технологиялар дамыған интернет заманында олар мүмкіндікті қалт жібермейтіні анық. Әсіресе, әркімнің қолында жүретін смартфондар арқылы да арандалып қалғандар аз емес. Кездесу барысында осы жағын ескергендігін естідік.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының» мүшесі Ерлан Жұманұлы Матаев та кездесуде осы бағытты қамтыды:
«Өздеріңіз білесіздер, пандемия болғаннан кейін құлшылық, ғибадат орындары жабық. Діни ізденістер интернет арқылы жүруде. Әркім әр жерден іздейді. Сіз болмасаңыз да сіздің туысыңыз, ағайыныңыз, досыңыз, танысыңыз осындай мәселемен кездесуі мүмкін. Бір қарағанда бұл айтып отырғанымыз өте қарапайым нәрсе. Біз осы салада істегеннен кейін көп жағдайда осындай қарапайым нәрселерге мән бермей, көптеген қателікке ұрынғандарды білеміз. Сол себепті де біз сіздерге ескертіп жатырмыз. Немқұрайлы қарамаңыздар. Мысалы үшін, Сирия кеткендер, басқа да экстремистік, террористік пиғылдағы адасушылармен жұмыс жүргіземіз. Солардан сұрағанымызда қателіктің басы осындай қарапайым ғана нәрселерден басталғанын айтады. Базарда, адам көп жүретін жерлерде кездесіп қалып, кетіп қалған қателіктердің зардабын тартып жүргендерді көптеп мысал етуге болады. Қайталап айтамын бұл мәселеге бей-жай қарамаңыздар».
26.05.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер