Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Бүгінгі кейіпкеріміз Салтанат. (есімі өзгертілген — ред.) Салтанатты сарсаңға салған өзінің емес, өзгенің қателігі. Нақтырақ айтқанда күйеуінің ағасы, яғни, қайныағасының қателігі. Қайынағасының есімі — Орал екен.

Бүгінгі кейіпкеріміз Салтанат. (есімі өзгертілген — ред.) Салтанатты сарсаңға салған өзінің емес, өзгенің қателігі. Нақтырақ айтқанда күйеуінің ағасы, яғни, қайныағасының қателігі. Қайынағасының есімі — Орал екен. (есімі өзгертілген — ред.) Оралға ықпал еткен деструктивті діни топ. Салтанат ол діни топты салафиттер дейді.

— Күйеуімнің ағасы — Оралдың күнде кешкісін діни жиналыстарға барып жүретінін білетінбіз. Негізі шынайы исламның пайдасы болмаса, адамға зияны жоқ қой. Алғашында кәдімгі имани жолда, дұрыс бағытта, дәстүрлі дінде деп ойлағанымыз рас. Бірақ Орал исламның атын жамылған теріс діни ағымға барып жүр екен. Оны кеш білдік, — деп күйінеді, Салтанат.

Салтанаттың айтуынан байқағанымыз Оралдың діни әңгімені өз отбасына сіңіруі белгілі бір ережемен, есептелген қадаммен жасалып отырған. Діни ағымның идеологтары Оралға бағыт-бағдар бергені көрініп тұр. Бастапқыда діни жиналыста болатын әңгімені отбасына жұмсақтап, үркітіп, шошытып алмай жеткізген. Отбасы мүшелерінің құлағын әбден үйреткен секілді. — Орал қайынағамның алғашқыдағы діни әңгімелері бізге қызық көрінетін. Бәріміз ұйып тыңдайтынбыз. Жұмсақтап, жеңіл айтып жүрді. Енемнің тарапынан көп мақұлдау, қолдау тапқан сайын Орал қайынағамның жаны кіретін. Орал ақырындап енеме көбірек назар аударып, бізге оны үлгі ете бастады.

Күндер өте келе діни жиналыстарға енем де баратын болды. Енді екеуі екі жақтап, діни әңгімелерді жарысып айтатын болды. Мен күдіктене бастадым.

Орал ең бірінші әйелін басынан аяғына дейін хиджабпен қымтады. Жұмыстан шығарды. Күйеуінің рұқсатынсыз көшеге аттап басуына тиым салды. Абысыным бұрын көлік жүргізетін, ол күндер көзден бұлбұл ұшты. Бәрінен қыздарына жаным ашиды. Сабаққа баруды кілт тоқтатты. Оларға да хиджап кигізілді.

Көп өтпей-ақ күйеуім менің үстіме әйел алып келді. Ол да сол ағымның өкілі екен. Ал мен ажырасуға арыз бердім. Енді бұлар мені қорқыта бастады. Бірақ балаларымның болашағы үшін өз айтқанымнан қайтпадым.

Қазір бөлек тұрамын. Үрей де бар. Мемлекеттің қамқорлығына да арқа сүйеймін. Қайынағам жиһад жасауға кетті деп естігенмін. Алты айдан асты дейді, өлі-тірісі белгісіз. Өзі ғана емес інісін, енесін, әйелін, балаларын сарсаңға салды.

28.05.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер