Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2021 жылдың 31 мамыр күні 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының ескерткіші орналасқан «Қарағайлы» саябағындағы гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов, «Social Development Center» қоғамдық қорының, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» және Алматы қаласының негізгі діни конфессияларының өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Орыс Православтық, Римдік-Католик, Елуіншілер, Пресвитериандық, Жаңа апостолдық, Евангел христиан баптисттік шіркеулердің, сондай-ақ, «Кришна санасы қоғамы», «Бахаи қоғамдастығы», «Вон буддистер» мен «Иса Мәсіхтің Соңғы күнгі әулиелер шіркеуі» өкілдері қатысты.
Шараға қатысушылар «Қарағайлы» саябағындағы «1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары ескерткішінің» алдына гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды.
31.05.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер