Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

«Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған әйелдермен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 9 маусым күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» террористік белсенді аймақтардан «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында елге қайтарылған әйелдермен кездесу өтті.
Аталған шараға Басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов қатысып, 2021 жылдың басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылады және оңалту, тұрмыстық, әлеуметтік бейімделу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, «Жусан» гуманитарлық операциялары аясында қайтарылған балаларды дамытуға бағытталған үйірмелердің қол жетімді екендігін және олардың әлеуметтік бейімделуі мақсатында мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатқандығы жеткізілді.
10.06.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер