Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

АЛМАТЫЛЫҚ 100 ИМАМҒА СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ

АЛМАТЫЛЫҚ 100 ИМАМҒА СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ
Нұр-Мүбарак университетінде «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы діни қызметкерлердің ықпалы» ​ атты үш күндік семинарға қатысқан алматылық 100 имамға сертификат берілді. Нұр-Мүбарак университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы және «Адам және қоғам» қоғамдық​ бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен курста дәстүрлі құндылықтар мен деструктивті діни ағымдардың идеологиясын ұстанушылармен жүргізілетін жұмыстың негізгі әдістері туралы дәрістер қамтылған болатын. Яғни деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды дерадикализациялау, заңнамалық нормативтік-құқықтық актілердің үстемдігі, дәстүр мен діннің үйлесуі жайлы тақырыптарға негізделген.
 
 
 
 
123
 
Қорытынды салтанаттың алғысөзін алған ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат имамдарға білім алуды өмір бойы жалғастыра беру керектігін нақтылап, ислам дінінің қоғамдағы бет-бейнесі діни қызметкерлермен тікелей байлынысты екендігін ерекше тоқталып өтті. Ал​ Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов бұл жобаның жасалуына Алматы Орталық мешітінің Бас имамымен болған сұхбаттың негіз болғанын атап өтті. Әрі оның болашақта жалғасын табуы бүгінгі курсты тәмамдаған имамдардың нәтижесіне байланысты екендігін ескертті. Сондай-ақ Алматы қаласы Орталық мешітінің бірінші наиб имамы Ержан Базарбекұлы курстың сәтті аяқталуымен құттықтап, имамдарға сәттілік тіледі.
Салтанатты шара курсты​ өтикізуге тікелей қолдау көрсеткен Нұр-Мүбарак университеті басшылығы мен оқытушы-лекторларға Алғыс хат беріліп, барлық​ түлектерге сертификаттар табыс етілді.
Ал ұйымдастырушы тараптан университеттің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпхан бұл бағытта болашақта​ өзге де курстар өткізуге мүдделілік барын жеткізді.
 
456
14.06.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер