Ағымдағы жылдың 12 маусым күні Алматы қаласы Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы мүшелері Іле Алатауының теріскей баурайындағы әсем шатқалдардың бірі Есік шатқалын аралап қайтты. Шара барысында әр түрлі діни бірлестіктердің өкілдері біріге отырып, Қазақстанның табиғаты ең әдемі жерлерінің бірінің сұлулығын тамашалады. Сондай-ақ, «асық ойнау», «садақ ату» және «ләңгі тебу» секілді ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Аталған шара Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Social Development Center» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.
Қаланың қоғамдық өміріне әрдайым белсене араласатын Клуб мүшелерінің бұндай шараларға қатысуы бірінші рет емес екендігін атап өткен жөн. Жыл сайын діни бірлестік көшбасшылары қаланың әлеуметтік, мәдени және экологиялық дамуына өз үлестерін қосуда.
14.06.2021