Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

2021 жылғы 23 маусымда «Конфессияаралық және ұлтаралық келісім Қазақстан қоғамының тұрақтылығының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2021 жылғы 23 маусымда «Конфессияаралық және ұлтаралық келісім Қазақстан қоғамының тұрақтылығының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.М. Қиқымов, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Д. Е. Ибрагимов, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Н.А. Балғымбаев және Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты.
 
Қатысушылар қоғамда ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстарды қоздыруға, елдің конституциялық құрылымы мен тұтастығын бұзуға бағытталған діни экстремизм мен терроризм идеологиясының халық арасында таралуына байланысты мәселелер талқыланды.
 
Кездесу барысында қатысушылар арасында қызықты пікірлер мен ақпараттар алмасылды.
 
 
 
24.06.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер