Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Соңғы жылдары мамандар жастар арасында теологиялық көрсеткіштің тым жоғары екендігін айтып жүр. Оны жастардың сөйлеу мәнері мен киім киісінен де байқауға болады.

Қоғам олардан қырағылық пен кез келген діни ақпаратты асқан қырағылықпен, сабырлы ақылмен қабылдауды талап етеді. Себебі, діннің атын жамылып, қоғамда бүлік тудыруды көздейтін, ал сол жымысқы мақсатына жастардың күшімен өз дегеніне жеткісі келетін небір террористік және экстремистік ұйымдар бар екенін еске саламыз.
Соңғы жылдары мамандар жастар арасында теологиялық көрсеткіштің тым жоғары екендігін айтып жүр. Оны жастардың сөйлеу мәнері мен киім киісінен де байқауға болады.
«Бұл — діндарлық емес, діншілдік. Діншілдер өте көп, діндарлар аз. Діндар адам өз нәпсісімен күреседі, діншіл адам өзгелердің иманымен айналысады», — дейді Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің Діни экстремизмге қарсы орталығының директоры Асқар Сабдин.
Осы орайда, өз бетімен болсын діни білім алуға, дінге ұмтылатын жастар жан-жақтан төніп тұрған түрлі діни ұйымдардың қаупінің барын ұмытпаса екен дейміз. Қоғам олардан қырағылық пен кез келген діни ақпаратты асқан қырағылықпен, сабырлы ақылмен қабылдауды талап етеді. Себебі, діннің атын жамылып, қоғамда бүлік тудыруды көздейтін, ал сол жымысқы мақсатына жастардың күшімен өз дегеніне жеткісі келетін небір террористік және экстремистік ұйымдар бар екенін еске саламыз. Мәселен, бүгінгі таңда елімізде шетелдік ұйымдардың 22 террористік құрылымы тыйым салынған ұйым ретінде тіркелген. Олардың көпшілігі діни және исламдық террористік ұйымдар.
12.07.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер