2021 жылғы 22 шілдеде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.М. Қиқымовтың Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары Полиция басқармасының қызметкерлерімен халық арасында діни экстремизммен терроризмді алдын-алу бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Жиын барысында деструктивті діни ағымдардың ықпалындағы азаматтармен жұмыс жүргізу, сондай-ақ оларды айқындау бойынша негізге белгілері талқыланды.
Сонымен қатар, радикалды идеологиядан зардап шеккен азаматтарды оңалту бойынша бірінші жартыжылдықтың жұмыс нәтижелері айтылды.
Сөз соңында Басқарма басшысы Н.М. Қиқымов ішкі істер органдары қызметкерлерін экстремистік идеологиямен күресуге және оның халық арасында таралуына жол бермеуге күш салуға шақырды.
23.07.2021