Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Ағымдағы жылдың 6 тамыз күні діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша онлайн форматта жарты жылдық қорытынды дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 6 тамыз күні діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта жарты жылдық қорытынды дөңгелек үстел өткізілді.
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов аталған шарада кіріспе сөз сөйлеп, атқарған жұмыстары үшін ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне алғыс білдірді және халық арасында бұл бағытта идеологиялық жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы 105 әртүрлі форматтағы іс-шара өткізіліп, 12 мыңнан аса тыңдаушыны қамтыды. Атап айтқанда, 20-дан астам «тікелей эфир» өткізіліп, мамандар дін саласындағы бірқатар өзекті тақырыптарды көтерді және қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, қорытынды кездесу барысында өз кәсібилігімен ерекше көзге түскен ақпараттық-түсіндіру тобының бірқатар мүшелері ең үздік деп танылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қазіргі уақытта, онлйн форматта өткен барлық дәрістердің жазбасын Басқарманың ресми парақшасынан (@din_almaty) табуға болатынын атап өткен жөн.
10.08.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер