Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

2021 жылғы 26 шілде мен 7 тамыз аралығында тұрғындар арасында 660 адам қамтылып, 11 іс-шара өткізілді

2021 жылғы 26 шілде мен 7 тамыз аралығында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша тұрғындар арасында 660 адам қамтылып, 11 іс-шара өткізілді:
✅Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара Қызметінің арнаулы мақсаттағы басқармасы;
✅Жетісу ауданының «Бақытты отбасы» орталығы;
✅Дін істері басқармасының Instagram желісіндегі парақшасында 5 тікелей эфир;
✅Дін істері басқармасының Instagram желісіндегі парақшасында белгілі мамандармен өткізілген 2 тікелей эфир;
✅Жусан гуманитарлық операциялары бойынша жауынгерлік іс-қимыл аймағынан елге оралған әйелдермен кездесу;
✅Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті.
Дәріс оқығандар Лола Шакимова, Бекнур Кисиков, Алмасбек Шағырбай, Қарлығаш Борбасова, Айнұр Қарыбаева, Досай Кенжетаев, Азамат Жамашев, Гульнар Джуманова, Улжан Тунгатова, Динара Утебаева және Динара Мусина.
Тыңдаушыларға мемлекеттің зайырлы құрылымының құндылықтары, деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері және шетелде рухани білім алу барысында деструктивті идеологиялық ықпал ету қаупі туралы айтылды.
11.08.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер