Ағымдағы жылдың 11 тамыз күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымовтың қатысуымен мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар кездесулер өткізілді.
Атап айтқанда, Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспанмен карантиндік жағдайлардағы мешіттердің қызметі мен діни рәсімдердің орындалу тәртібіне қатысты кездесу өткізілсе, Басқарманың аудандық қызметкерлері және «Кеңес беру және оңалту» орталығының теолог мамандарының қатысуларымен деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен азаматтармен жұмыс жөнінде жиналыс өтті.
Жиналыс барысында Басқарма басшысы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлер мен теолог мамандарға бірқатар тапсырмалар берді.
10.08.2021