Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымовтың Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспанның және қала аумағындағы 52 мешіттің діни қызметкерлерімен ZOOM қосымшасы арқылы онлайн түрдегі кездесуі өтті.
Іс-шара барысында Басқарма басшысы дін саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды және мешіт имамдарының бүгінгі күнгі қоғамдағы орны жайлы өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ, имамдардың жамағат арасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Бұдан бөлек, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан өз сөзінде қазіргі таңда діни қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда екенін және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда мешіт имамдары әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
02.09.2021