2021 жылғы 23 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша тұрғындар арасында 1643 адам қамтылып, 5 іс-шара өткізілді:
Дін істері басқармасының Instagram желісіндегі парақшасында белгілі сарапшылармен тікелей эфир — 3;
Абай атындағы ҚазҰПУ;
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы.
Дәріс оқығандар: Қуанышбай Жумадильдаев, Зарема Абдуллина, Рузия Камарова, Оралхан Сейдманов және Ермек Көкірекбаев.
Тыңдаушыларға мемлекеттің зайырлы құрылымының құндылықтары, деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері және шетелде рухани білім алу барысында деструктивті идеологиялық ықпал ету қаупі туралы айтылды.
03.09.2021