Алматыда әртүрлі діни бірлестік өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Social Development Center» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы мүшелерінің арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Аталған іс-шара қаладағы діни бірлестіктер өкілдерінің қарым-қатынасын дамытып, бірыңғай әлеуметтік-мәдени кеңістік қалыптастыру, сондай-ақ конфессияаралық және қоғамдық келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Турнирге әртүрлі конфессиялардың өкілдері және Алматы қаласы «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» мамандары қатысты.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Бүгінгі іс-шара — бұл өзара түсіністіктің, келісімнің және достықтың белгісі!
08.09.2021