2021 жылдың 7 қыркүйегінде Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері арасында ағылшын тілінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында іс-шара өткізілді.
Кездесуде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану PhD докторанты Карыбаева Айнур Несибековна сөз сөйледі.
Тыңдаушыларға діни экстремизм мен терроризмнің қауіпі, деструктивтік діни топтардың ықпалынан қорғанудың жолдары туралы айтылды.
Аталмыш іс-шараны ұйымдастырушы – Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы».
07.09.2021