Ағымдағы жылдың 1-6 қыркүйек күндері Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығымен діндар азаматшаларға арналған «QAZAQMEDCLINIC» медицина орталығында «Балалар массажы» курсы ұйымдастырылды.
Медицина орталығының маманы балаларға массаж жасаудың қыр сырымен бөлісіп, бала денсаулығына тигізетін пайдасы туралы ақпаратпен бөлісті. Жалпы уақыты 108 сағатты құраған курста діндар азаматшалар мамандардың жұмысын тәжірибе жүзінде көріп, өздерінің қызығушылығын танытты.
Қатысушылар алдағы уақытта массаж жасаудың тағы басқа түрлерін меңгеруге ниетті екенін жеткізіп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
06.09.2021