Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мешіт жамағаты арасында Алматы қаласы күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды. Бұл мереке Нұр-Мүбарак мешітінде өтті.
Ел-жұртты жақындастырып, бір-біріне деген достық-бауырмалдықты қалыптастырудың түрлі жолдары бар. Бүгінгі өткен мерекелік шара мешіт жамағатының өзара сыйластығын қалыптастыру мақсатынан туған сондай жолдың бірі. Әрине, мұндай жиын бірінші рет өтіп отырған жоқ. Бұған дейін де бірнеше рет өткен-ді. Шараның берері мол, нәтижесі зор болғандықтан, ұйымдастырушылар дәстүрге айналдыруды да ойластыруда. Неге десеңіз, біріншіден, денсаулыққа зор байлық қосатын спорт арқылы салауатты өмір салты насихатталады. Екіншіден мешіт жамағатын спорттық ойындарға қатыстыра отырып, адами қарым-қатынасқа қадам жасалады.Иә, мәнді дүниенің маңызы да арта бермек. Мерекелік шарада армрестлинг, петанк, гір көтеру, допты шеңберге лақтыру, допты қақпаға тебу, т.б. сияқты ойындар да болды.
Қорыта айтқанда осының бәрі Алматы қаласының діндар халқы арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жастар арасында толерантты діни сана мен радикалды идеологияға иммунитетті қалыптастыру, қазақстандық қоғамның құндылықтарына бейімдеу, ресми дінмен дәстүрлі емес діни ағымдардың топтастырылған диалогын ұйымдастыру үшін жағдай жасау, конфессияаралық келісімді нығайту. Діттелген ой жүзеге асқанын қатысушы мен көрермендердің көңіл күйінен көрдік. Ел бірлігі үшін мұндай игілікті іс-шаралар жалғасын таба бермек.
24.09.2021