Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні мешіт жамағаттары арасында қазақ ағартушыларының өлеңдерінің мүшәйрәcінің қалалық кезеңі өтті

     Ағымдағы жылдың 5 қазан күні Алматы қаласының мешіт жамағаттары арасында қазақ ағартушыларының өлеңдерін жатқа айту бойынша ұйымдастырылған мүшәйрәнің қалалық кезеңі өтті.
 
       Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасының қолдауы аясында, Алматы Орталық мешіті мен «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен өткен бұл шараның аудандық кезеңдері тамыз айында бастау алып, бүгін өз мәресіне жетті.
Байқау барысында барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ыбырай Алтынсарин секілді қазақ ағартушыларының өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты және әр сөздің терең мағынасын жеткізді.
Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тіл жанашыры» Асылы Осман Әлиқызы бастаған білікті қазылар алқасы қатысушылардың өнерлерін бағалады.
     Нәтижесінде, 1-ші орын иеленген қатысушы 200 мың теңге, 2 орынды иеленген 100 мың теңге, 3 орын иеленгендер 50 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталса, тағы 5 қатысушы 20 мың теңге көлемінде сертиикатпен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Өз кезегінде, аталған іс-шараның басты мақсаты мешіт жамағатының қазақ халқы ағартушыларының шығармаларын оқуға қызығушылығын ояту және әдеби сала бойынша ой-өрісін кеңейту болып табылатындығын атап өткен жөн.
05.10.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер