Мамырда басталған жарыс мәресіне жетті.
Ойынға Алматы қаласындағы елу екі мешіттің үш мыңнан аса жамағаты қатысып, үш жүздей команда бақ сынасқан еді.
Бүгінгі өткен шағын футбол мешіт жамағаты арасындағы дәстүрлі емес исламның жетегінде жүргендерге шынайы исламның бет-бейнесін көрсету арқылы оларды бауырға тарту болса, алдағы конфессиялармен болатын іс-шара түрлі дін өкілдерінің бір-біріне деген сыйластығы мен құрметін арттырып, ортақ Отанның өзегінде бірігуіне ықпал етеді деген сенімдеміз
Сонымен мамыр мен қазан аралығында алты айға жуық өткен футбол жарысы мәреге жетті. Чемпион команда өздерінің мықты футболшы екенін дәлелдеді. Олар Медеу ауданы Омар ибн аль-Хаттаб мешітінің командасы. Медеу ауданы чемпион. 1 000 000 теңгені ұтып алды. Екінші орынды Әуезов ауданының «Ақсай» командасы иеленіп, 10 велосипед мініп кетті. Ал үшінші орын Бостандық ауданының «Байкен» мешітіне бұйырды. Олар басынан аяғына дейін спорттық киім комплектісін киіп кетті.
Осылайша қызықты да думанды дода талай адамның басын біріктіріп, достығын туғызып, ауызбірлігін нығайтып кетті. Әлі алда талай жарыс жоспарда тұр. Жеңісті күнге Құдай аман жеткізгей!
04.10.2021