Бүгін ресми Рухани келісім күніне орай қара шаңырақ ҚазҰУ«Рухани келісім конфессияаралық диалог пен әлем мәдениетінің факторы ретінде» тақырыбында ғылыми-практикалық форум өтті. Рухани келісім күні Қазақстанда 1992 жылдан бастау алып, Алматыда Бірінші дүниежүзілік Рухани келісім конгресі өткен күн — 18 қазанда жыл сайын атап өтіледі.
Аталмыш басқосудың басты міндеті — діндер диалогы мен рухани даму саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, діни қауымдастықтар арасындағы өзара құрметті нығайту, сондай-ақ бейбітшілік пен зорлық-зомбылықсыз мәдениетті нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Ғалымдар мен теологтармен бірлесе жұмыс істеу ағымдағы қызметті жаңа уақыттың сын-қатерлері мен экстремизмге қарсы іс-қимылға бейімдеуге мүмкіндік береді.
Форумға сарапшылар, теологтар, дінбасылар мен көшбасшылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ басқа өңірлердің уәкілетті органдарының өкілдері қатысты.
19.10.2021