Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында онлайн форматтағы кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымовтың қала аумағындағы барлық діни бірлестік басшыларымен ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматтағы кездесуі өтті.
Кездесу барысында Басқарма басшысы ағымдағы жылғы 6 қараша күні «Нархоз» стадионында «Рухани келісім күніне» орай қаланың діндар азаматтарына арналған спорттық іс-шараның жоспарланғанын атап өтіп, қатысуға шақырды.
 
 
 
    Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дінаралық татулық пен толеранттылық, және мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы байланыс туралы сөз қозғады.
Кездесу соңында Нұрлан Қиқымов Басқарманың қала тұрғындарымен бірге дін саласындағы өзекті тақырыптарды талқылауға ашық екендігін атап өтті.
04.11.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер