Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

«Кеңес беру және оңалту орталығының» 2021 жылдың қазан айында атқарған жұмыстары туралы

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы
«Кеңес беру және оңалту орталығының» 2021 жылдың қазан айында атқарған жұмыстары туралы.
АҚПАРАТ
 
    Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі — Орталық) ағымдағы жылдың қазан айында теолог және психолог мамандардың қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 80 адаммен (43 ер және 37 әйел) кездесу онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) жүргізілді.
Сұхбат барысында қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары, қазақ қоғамындағы ислам дінінің, соның ішінде Әбу Ханифа мазхабы мен Матруди ақидасының рөлі мен маңызы, деструктивті діни ағымдардың теріс түсініктері мен оның ықпалынан шығу жолдары, зайырлы қоғам түсінігі туралы және т. б. оңалтуға бағытталған ақпараттар берілді.
   
 
    Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18; ЛА-155/13; ЛА-155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан 38 азаматпен 7 жеке және 2 топтық кездесу өткізілді.
 
04.11.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер