Ағымдағы жылдың 15, 17 және 19 қараша күндері мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымовтың қаладағы барлық діни бірлестік басшыларымен, сондай-ақ арнайы «Ассамблея Бога», «Христианская Евангельская Пятидесятническая Церковь „Источник жизни“ в городе Алматы» жергілікті діни бірлестіктерінің басшыларымен және миссионерлерімен ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматтағы кездесулері өтті.
Кездесулер барысында Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, дінаралық татулық пен толеранттылық, сондай-ақ діни бірлестіктердің қайырымдылық акцияларына ұйымдастыру тәртібіне тоқталып өтті.
Сонымен қатар, Нұрлан Қиқымов Басқарманың қала тұрғындарымен бірге дін саласындағы өзекті тақырыптарды талқылауға ашық екендігін атап өтті.
19.11.2021