Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Жергілікті діни бірлестігінің миссионерлерімен онлайн форматтағы кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 9 және 10 қараша күндері мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан  Қиқымовтың «Алматинская Церковь Евангельских Христиан-Баптистов Мухаббат», «Церковь Свет Иисуса ЕХБ» діни бірлестіктерінің жетекшілерімен және миссионерлерімен ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматтағы кездесулері өтті.
    Кездесулер барысында Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, дінаралық татулық пен толеранттылық, және мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы байланыс туралы сөз қозғады.
    Сондай-ақ, Нұрлан Қиқымов Басқарманың қала тұрғындарымен бірге дін саласындағы өзекті тақырыптарды талқылауға ашық екендігін атап өтті.
10.11.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер