Ағымдағы жылғы 20 қараша күні «Али Мухаммад» мешітінде Алматы қаласы Діни бірлестіктерінің көшбасшыларының клубы мүшелерінің қатысуымен кезекті сенбілік өтті.
Сенбілік шарасы барысында Клуб мүшелері мешіт аумағын тазалап, сондай-ақ, діни ғимараттың тарихымен және сәулеттік ерекщелігімен танысып қайтты.
Аталған шара Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Social Development Center» қоғамдық қорымен ұйымдастырылды.
Қаланың қоғамдық өміріне әрдайым белсене араласатын Клуб мүшелерінің бұндай шараларға қатысуы бірінші рет емес екендігін атап өткен жөн. Жыл сайын діни бірлестік көшбасшылары қаланың әлеуметтік, мәдени және экологиялық дамуына өз үлестерін қосуда. Өз кезегінде, сенбілік шарасы Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен толеранттылықтың ерекше деңгейде екендігінің айқын дәлелі болып табылатынын атап өткен жөн.
20.11.2021