Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Ағымдағы жылдың 15-19 қараша күндері «QAZAQMEDCLINIC» медицина орталығында «Хиджама» курсы ұйымдастырылды

     Ағымдағы жылдың 15-19 қараша күндері Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» ұйымдастыруымен, қаладағы діндар азаматшаларға «QAZAQMEDCLINIC» медицина орталығында «Хиджама» курсы ұйымдастырылды.
     Медицина орталығының маманы хиджама жасауды қысқа мерзімде үйрете отырып, адамдарға сапалы қызмет ұсыну мақсатында оң әсер беретін терапиялар туралы ақпаратпен бөлісті.
108 сағат көлемінде өткен курста әйелдер мамандардың жұмысын тәжірибе жүзінде көріп, өздері де жеке кәсіппен айналысып, сапалы қызмет ету жолдарын үйренген. Сондай-ақ, қатысушылар осы бағытта өз білімдерін әрі де шыңдауға ниетті екендерін жеткізді.
19.11.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер