Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

«Кеңес беру және оңалту орталығының» жұмысына арналған пресс-конференция өтті

    Ағымдағы жылғы 25 қараша күні «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Кеңес беру және оңалту орталығының» жұмысына арналған пресс-конференция өтті.
    Конференцияда негізінен «Кеңес беру және оңалту орталығының» атқарған жұмыстары, одан шыққан нәтижелері сөз болды. Мәселен, биыл жат ағымның алдауына түскен екі мыңнан астам азаматқа түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Оның ішінде жүзге жуық мұсылман шынайы исламды тапса, үш жүзден астам азамат қазақстан қоғамының құндылықтарына бейімделген, дұрыс бағытқа түскен. Орталықтың негізгі міндеті деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен азаматтарды психологиялық қолдау, теологиялық оңалту, діни сауатын көтеру.
    Бүгінде орталықта 12 теолог-маман қызмет істейді.
«Кеңес беру және оңалту орталығының» директоры Руслан Қайыргелді конференция барысында асыл дініміз – ислам туралы көбірек білгісі келетін азаматтарға орталықтың есігі қай кезде де ашық екенін жеткізді.
     Сондай-ақ орталықта жат ағымдардың жалған идеологиясынан арылуға мүдделі азаматтар үшін тәжірибелік оқыту курстары ұйымдастырылатынына тоқталды. Мысалы үшін осы жылдың қыркүйек-қараша айларында «QAZAQMEDCLINIC» медициналық орталығында балалар массажы мен хижама жасауға байланысты оқыту курсы ұйымдастырылған және дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ерлер мен әйелдерге жеке-жеке «Сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істейтінін жеткізді.
     Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың діни экстремизм мен тероризмнің алдын алуға байланысты жүргізіп отырған жұмыстары жоғарыда аталған орталықпен ғана шектелмейді.
     Бәрі де ел игілігі үшін.Жастарымыздың болашағы, мемлекетіміздің тұтастығы үшін.
27.11.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер