Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Террористік белсенді аймақтардан оралған әйелдермен дерадикализациялаудың психологиялық процесін жүзеге асыру» әдістемелік ұсыныстарының ресми тұсаукесері өтті

     Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдар адепттерімен, оның ішінде террористік белсенді аймақтардан оралған әйелдермен дерадикализациялаудың психологиялық процесін жүзеге асыру» әдістемелік ұсыныстарының ресми тұсаукесері өтті.
     Тұсаукесерге Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Дулат Ибрагимов, әдістемелік құралдың авторлары: Қазақстан Республикасы ҰҚК академиясының аға оқытуышысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі Лола Шакимова, теолог, исламтану магистрі, «Мысль» діндерді қолданбалы зерттеу орталығының директоры Аскар Сабдин, Қазақстан Республикасы ҰҚК академиясының оқытушысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі Акмарал Абдукеева т. б. теологтар мен психологтар, дінтанушы мамандар, БАҚ өкілдері қатысты.
     Отырысты Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов ашып, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға байланысты іс-шараларға ат салысқан барлық азаматтарға алғыс білдірді. Басқарма жұмысының 100% орындалғанын айтты. Келесі жылы бұдан нәтижелірек болатынына сенім білдірді. Саннан гөрі сапаға назар аударғанын мысалдармен тілге тиек етті.
     Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Дулат Ибрагимов бұл отырыстың екі бағытта өрбитінін жеткізді. Біріншіден, «Деструктивті діни ағымдар адепттерімен, оның ішінде террористік белсенді аймақтардан оралған әйелдермен дерадикализациялаудың психологиялық процесін жүзеге асыру» әдістемелік ұсыныстарының ресми тұсаукесері екенін айта келіп, әдістеменің авторы Асқар Сабдинге сөз берді.
 
      
 
    
     Отырыстың екінші бөлімі ақпараттық-түсіндіру жұмысының барысында белсенді еңбек еткен дінтанушы мамандарды ақшалай сертификат арқылы марапаттап, құттықтаумен басталды.
Сонымен қатар басқарма мамандары біржылдық іс-шараның есебін берді. Мәселен оффлайн форматта бір жылда 279 іс-шара өтіп, 39517 адамды қамтыпты. Басқарманың «Din-Almaty» инстаграм парақшасында 40 тікелей дәріс өткізіліп, 107135 адам тыңдаған.
06.12.2021

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер