Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы
«Кеңес беру және оңалту орталығының» 2021 жылдың қараша айында атқарған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі — Орталық) ағымдағы жылдың қараша айында теолог және психолог мамандардың қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 480 адаммен (253 ер және 227 әйел) кездесу онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) жүргізілді.
Сұхбат барысында қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары, қазақ қоғамындағы ислам дінінің, соның ішінде Әбу Ханифа мазхабы мен Матруди ақидасының рөлі мен маңызы, деструктивті діни ағымдардың теріс түсініктері мен оның ықпалынан шығу жолдары, зайырлы қоғам түсінігі туралы және т. б. оңалтуға бағытталған ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18; ЛА-155/13; ЛА-155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан 50 азаматпен 11 жеке және 2 топтық кездесу өткізілді.
13.12.2021