ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.
Сапар аясында Ержан Нүкежанов «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған әйелдермен кездесті.
Сонымен қатар, Ержан Нүкежанов деструктивті діни ағымдардың идеологиялық ықпалына ұшыраған адамдарды оңалту жұмыстарымен айналысатын «Ақниет» қоғамдық қорының өкілдеріменде кездесті.
Кездесу барысында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды реттеу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Дін істері комитетінің төрағасы Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарымен кездесті.