Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Әлеуметтік желілерді пайдаланып, жастарды арбауына түсіреді: Дінтанушы ең қауіпті радикалды ұйымдар мен олардан келетін залал туралы айтты

Қазақстан - зайырлы мемлекет. Елімізде 120-дан астам өзге ұлт өкілдерінің тұратынын ескерсек, халық арасында түрлі діни ағымдардың болатыны да түсінікті. Дегенмен еліміздің бірлігіне нұқсан келтіріп, халқымыздың сеніміне селкеу түсіргісі келетін кейбір деструктивті діни ағым өкілдерінің зияны айрықша. Себебі кез келген радикалды діни ағымның мақсаты елді ағартуға емес, тура жолды қиратуға бағытталады. Алматы қаласы дін істері басқармасының өкілдері ең қауіпті жат ағымдардың белгілері мен олардан төнетін қауіп жайлы айтып берді.

“Алыста отырып-ақ арбауына ертіп әкетеді”: Жат ағымдардың қаупі қандай?
“Нұр-Мүбәрәк” Египет ислам мәдениеті университетінің жанындағы “Діни экстремизммен күрес” орталығының директоры, теолог Тимур Нүсіпханов әрбір жат ағымның жекелеген қауіп-қатерлері бар екенін айтады. Адамды отанынан, отбасынан, жақындарынан оқшаулау арқылы өз идеялогиясының тұтқынына айналдыру – кез келген деструктивті жат ағымның әдеті, дейді ол.
“Қазақстанда отызға жуық террорлық-экстремистік, радикалды ұйымдар бар және солардың барлығы қауіпті. Жеке өмірі ойрандалып, тағдырлары талқандалған бауырларымызды естіп, біліп жатамыз. Тіпті, азаматтардың ой-санасын тәуелсіздікті жоққа шығарып, Отанды мойындамайтын деңгейге дейін құлдыратады. Сол арқылы өздерінің радикалды мақсаттарына жетелеп, кез келген тапсырмаға дайындайды. Міне, бұл – жат ағымдардың ең қатерлі тұстары осы”, - дейді теолог.

Мақаланы толық сілтемеден оқуға болады: https://stan.kz/zhat-agimga-zhokshiliktan-gana-eredi-degen-zhansak-piki-369569/

22.09.2022

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер